Жаңалықтар
2024-06-11 10:41

«Еуропалық одақтың озық тәжірибесі үлгісінде Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамытудың мүмкіндіктері мен проблемаларын шешу» семинары

AlterEn командасы кәсіби мамандарды оқытуды жалғастырды. 04.06.2024ж. - 11.06.2024ж. жоба мүшелері Қостанай облысы мен ҚР энергетика секторы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілдері үшін «Еуропалық одақтың озық тәжірибесі үлгісінде Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамытудың мүмкіндіктері мен проблемалары» тақырыбында семинар өткізді. Еуропалық одақтың озық тәжірибесін қолдана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздерін перспективалық дамыту мәселелері қаралды.
Семинардың мақсаты қатысушыларға Қазақстандағы жаңартылатын энергетиканы дамытудың мүмкіндіктері мен проблемаларын терең түсінуді қамтамасыз ету және оларды орнықты және экологиялық таза энергетикалық болашаққа қол жеткізу үшін тиімді стратегияларды әзірлеуге шабыттандыру болды.