"Еуропалық Одақта баламалы энергияны пайдалану тәжірибесі мен болашағы" тақырыбында дәрісті "Электр энергетикасы" және "Жылу энергетикасы" білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері тыңдады. Профессор энергияның баламалы түрлері, жаңартылатын энергиямен жұмыс істейтін қондырғыларды пайдаланудың практикалық іске асырылуы, сондай-ақ олардың сипаттамалары туралы айтып берді.
Техникалық пәндердің оқытушылары «Өнеркәсіп пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта баламалы энергияны пайдаланудағы ЕО тәжірибесі» тақырыбындағы семинарларға қатысты. Хаас мырза облысымызда баламалы энергияны пайдалану бойынша Еуропалық Одақтың тәжірибесін қолдану мүмкіндіктері мен перспективалары туралы мұғалімдермен әңгімелесті.